Ақмола облысында үш елікті заңсыз атып алғандар ұсталды

17:15, 30 қаңтар 2025

© Фото: zakon.kz

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, 29 қаңтарға қараған түні Зеренді ауданында елікті заңсыз атқандарды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түнгі сағат 02:00 шамасында тәртіп сақшылары ВАЗ-21015 автокөлігін тоқтатты. Көлік салонында 33 жастағы жүргізуші мен екі жолаушы болған. Олардың бірі бұған дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы (Заңсыз аң аулау) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Көлікті тексеру барысында жүксалғыштан үш еліктің ұшасы табылды.Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/aqmola-oblysynda-3-elikti-zangsyz-atyp-alghandar-ustaldy/

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!