23 сәуірде Қазақстанда екпінді жел мен нөсер жауын күтіледі
© Фото: unsplash
2026 жылғы 23 сәуір, бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен қалыптасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазгидромет синоптиктерінің мәліметінше, бұл күні найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
"Елдің солтүстік-шығысында, орталығында және оңтүстігінде нөсер жаңбыр болжанады", – делінген Қазгидромет хабарламасында.
Сонымен қатар, кейбір өңірлерде жел күшейеді. Республика аумағында желдің екпіні артып, оңтүстік-батыста шаңды дауыл мен екпінді жел соғуы мүмкін.
Батыс, солтүстік және оңтүстік таулы аймақтарда тұман түсуі ықтимал.
Сондай-ақ мамандардың болжамынша, түнде Ақтөбе облысының шығысында, Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде -2…-3°C дейін үсік жүреді.
Кейбір өңірлерде өрт қаупі жоғары және өте жоғары деңгейде сақталады:
- Жоғары өрт қаупі: Жамбыл облысының батысында, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, Түркістан облысының батысында және Абай облысының орталығында.
- Өте жоғары өрт қаупі: Жетісу облысының оңтүстігінде және Түркістан облысының шеткі батысында.
Бұған дейін 23-25 сәуірде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында күтілетін ауа райы болжамын ұсынған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:19, 22 сәуір 2026
Отандық жазушылар Атырауда бас қосты
-
20:09, 22 сәуір 2026
Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінде бірқатар келісімдер жасалды
-
19:50, 22 сәуір 2026
Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді
-
19:39, 22 сәуір 2026
23–25 сәуірде Астана, Алматы және Шымкентте қандай ауа райы күтіледі
-
19:21, 22 сәуір 2026
Рудный әкімі рұқсатсыз салынған барға қарсы сотта жеңіске жетті





