4 миллион доллар ұтып алған сингапурлықтың қуаныштан жүрегі тоқтап қалды

11:24, 26 маусым 2024

© Сурет: pixabay

24 маусымда Сингапурда ер адам казинодағы джекпоттан кейін жүрегі тоқтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бастапқыда кейбір БАҚ ер адам сол жерде қайтыс болды деп жазды, бірақ дәрігерлер бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Жергілікті басылым Locmat times мәліметінше, оның жүрегі шынымен де тоқтап қалды, дегенмен дер кезінде көрсетілген көмектің әсерінен аман қалған. Қазір ауруханада.