28 маусымда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді

14:35, 26 маусым 2024

© Сурет: Telegram/mazhilis_kz

2024 жылғы 28 маусымда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.


"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 28 маусымда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын, - делінген бұйрықтың мәтінінде.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!