184 қазақстандыққа «Болашақ» стипендиясы тағайындалды
© Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Республикалық комиссияның шешімімен 184 отандасымызға "Болашақ" стипендиясы тағайындалды. Олар магистратура және докторантура бағыттары бойынша әлемнің үздік университеттерінде білім алады.
Сонымен қатар комиссия отырысында отандық ғалымдардың жетекші шетелдік ғылыми орталықтарда ғылыми тағылымдамадан өту мәселесі қаралды. Мемлекеттік кеңесші Президенттің аталған бастамасы Қазақстан ғылымының дамуын ынталандыруға бағытталғанын атап өтті. Ерлан Қарин ғылыми тағылымдамаға арналған гранттарды бөлу кезінде отандық ғылымның басым бағыттары бойынша тепе-теңдікті міндетті түрде сақтау қажет екеніне назар аударды. Бұл әлеуметтік-гуманитарлық, сондай-ақ инженерлік-техникалық мамандықтарға да қатысты.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин отырыс қорытындысы бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясына және ғылыми тағылымдамалар бағдарламасына конкурстық негізде іріктеу процесін одан әрі жүзеге асыруға әрі жетілдіруге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:15, 28 қыркүйек 2024
Ұрып-соғып, жүк салғышқа итеріп жіберген: Абай облысының тұрғыны бұрынғы әйелін ұрлап кеткен
-
17:15, 28 қыркүйек 2024
Тұман, үсік, жел: синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
16:43, 28 қыркүйек 2024
Астанадағы кафеде газ баллон жарылып, алты адам зардап шекті
-
16:13, 28 қыркүйек 2024
Қазақстаннан ер адам Өзбекстанға үш метрлік питонды алып өтпек болған
-
15:46, 28 қыркүйек 2024
Астанада иесіз қалған үй өртеніп кетті