Теңге тағы нығайды: доллар бағамы 461 теңгеге дейін төмендеді
© Фото: freepik
22 сәуір күні Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен күндізгі сауда қорытындысы бойынша теңге бағамы нығая түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда нәтижесінде доллардың орташа бағамы 461,37 теңгені құрап, 3,23 теңгеге төмендеді.
Сонымен қатар, ресейлік рубль 6,15 теңгеге дейін арзандаса (-0,06), қытай юані 67,60 теңгеге дейін төмендеді (-0,67).
Айырбастау пункттерінде доллар 461,4–463,9 теңге аралығында сатылып жатыр. Еуро бағамы 541,9–547,6 теңге болса, рубль 6,02–6,15 теңге шамасында.
Осы күні әлемдік мұнай бағасы да төмендеді. Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнай баррелі 97,63 долларға дейін арзандаса, Нью-Йорктегі NYMEX алаңында Light маркалы мұнай 88,41 долларды құрады.
Айта кетейік, таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 464,73 теңге, еуроны 546,57 теңге, рубльді 6,19 теңге деңгейінде белгілеген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:54, 23 маусым 2026
Доллар бағамы төмендеуін жалғастырды
-
12:05, 22 маусым 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
11:49, 19 маусым 2026
Астана, Алматы және Шымкент айырбастау орындарындағы валюта бағамдары
-
16:52, 17 маусым 2026
17 маусымдағы саудада доллар бағамы 2 теңгеге қымбаттады
-
11:17, 17 маусым 2026
Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамдары - 17 маусым





