Әлемдегі ең қауіпсіз елдер тізімі жарияланды
Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстан Global Finance журналы жасаған әлемдегі ең қауіпсіз елдер рейтингінде 44-орынға ие болды.
Қауіпсіздік деңгейі әскери қақтығыстар, табиғи және техногенді апаттар ықтималдығы бойынша есептелген. Сонымен қатар азаматтарға төнетін қауіп деңгейі мен экономикалық даму дәрежесі де ескерілді.
Айта кетейік, рейтингте Қазақстан Жапония мен Марокко арасында орналасқан. Сарапшылардың мәліметінше, елдің жаһандық индексі 9,5-ті құрады.
Қазақстан көршілес елдерден Армения (62 орын), Тәжікстан (68 орын), Әзірбайжан (71 орын), Қытай (81 орын), Қырғызстан (89), Ресей (108 орын) және Украинаны (116 орын) басып озды.
Исландия, Швейцария және Финляндия әлемнің ең қауіпсіз елдері болып танылды. Сондай-ақ алғашқы ондыққа Португалия, Австрия, Норвегия, Катар, Сингапур, Дания және Жаңа Зеландия кірді. Ең қауіпті елдер Гватемала, Йемен және Филиппин болды.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы Қазақстан осы рейтингте 58 орынды иеленген болатын.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:18, 2 сәуір 2026
Доллар бағамы неге төмендеп жатыр – экономистер түсіндірмесі
-
15:42, 2 сәуір 2026
2 сәуірдегі саудада доллар бағамы төмендеуін жалғастырды
-
11:25, 2 сәуір 2026
Астана мен Алматыдағы айырбастау пунктеріндегі валюта бағамы - 2 сәуір
-
13:12, 31 наурыз 2026
Валюта бағамы жаңартылды: Астана, Алматы, Шымкент
-
16:04, 30 наурыз 2026
30 наурыздағы саудада доллар бағамы төмендеді





