Delta Bank ісі: Олигарх Нұрлан Тілеубаев 10 жылға сотталды
Астық олигархы Нұрлан Тілеубаев сот үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал «Delta Bank» АҚ ісіне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Тергеу кезінде олигарх пен пен оның туыстарына тиесілі мүлік анықталып, оған тыйым салу туралы санкция берілді.
Тізімде Чехияның Прага қаласында орналасқан элиталық мейрамхана, төрт бөлмелі пәтер және 3 компаниядағы 100% акция, БАӘ-дегі құны шамамен $5 млн болатын вилла бар.
Сонымен қатар, Латвияда орналасқан «Вентспилс астық терминалының» 100% үлесі де санкцияға ілінген.
Сотталушыға тиеселі 5 қант зауыты мен 58 нысан (13 жер телімі, 40 көлік, 1 пәтер, 4 ғимарат) Проблемалық несие қорына берілді.
Қазіргі уақытта «ҚазИнвестБанк» АҚ (шығын 131 млрд. теңге), «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (2,3 млрд. теңгеге талап-арыз) және «БЖЗҚ» АҚ (5 млрд теңге өндіріп алу туралы азаматтық сотқа жүгінген) Тілеубаевтың және оның компанияларының заңсыз қызметінің құрбандары саналады.
Айта кетейік, 2018 жылы 28 ақпанда «Delta Bank» АҚ тарату туралы сот шешімі шығып, 25 сәуірде күшіне енген еді. 2021 жылы банктің директорлар кеңесінің төрағасы Галина Шалғымбаева, басқарма төрағасы Нұрбол Самзаев, басқарма мүшесі Кенжегүл Қанатпаева қамауға алынған еді. Оларға салымшылардың қаражатын жымқырды деген айып тағылған еді. Ал Нұрлан Тіәлеубаев банк иелерінің бірі болған. Оған 2012-2017 жылдары қайтарымсыз несие беру арқылы қаражат жымқырды деген айып тағылып отыр.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл