Жеке хайуанаттар бағында жануарлардың мәйіттері табылды
© Сурет: pixabay
Жаңа Мәскеудегі "маймылдар планетасы" жеке хайуанаттар бағында маймыл мен екі лейлектің мәйіттері табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәскеу қаласы прокуратурасының Telegram каналының 3 мамырдағы мәліметтері бойынша, жануарлар ұзақ уақыт бойы тамақтандырылмаған. Аштықтан олар жеуге жарамсыз заттармен, соның ішінде резеңке қалдықтарымен қоректенген. Нашар күтімнің салдарынан жануарлар арасында пневмония тараған.
Сурет: Telegram / Мәскеу Прокуратурасы
"Сондай – ақ, тиісті ветеринарлық бақылау жүргізілмеген, нәтижесінде олардың арасында әртүрлі аурулар, соның ішінде дененің қатты сарқылуы мен пневмония тараған", - делінген хабарламада.
Лейлек пен маймыл қайтыс болғаннан кейін олардың мәйіттері полиэтилен пакеттерге оралған, оларды кейінірек тексерушілер хайуанаттар бағында тапты. Жануарларға қатыгездік жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сурет: Telegram / Мәскеу Прокуратурасы
Хайуанаттар бағы 2018 жылы ашылған. Мекемеге кіру билеттері жұмыс күндері 600 рубль, ал демалыс күндері бір мың рубль тұрады.
Айта кетейік, өткен айда Қарағанды хайуанаттар бағы тағы бір тіршілік иесімен толықты. 12 жасар Маша мен 13 жасар Тимошаның қоңыр қонжығы дүниеге келді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:33, 18 мамыр 2024
Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 150 үйдің құрылысы басталады
-
10:04, 18 мамыр 2024
Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін тұрақты деп бағалады
-
09:46, 18 мамыр 2024
Ақтөбе облысында өрт кезінде екі адам қаза тапты
-
09:03, 18 мамыр 2024
Анна Данилина Италиядағы жарыстың финалына жолдама алды
-
22:58, 17 мамыр 2024
Көп бала асырап алған Мұрат: арасында орыс, украин, түркмендер де бар, бірақ бәрі қазақша сөйлейді