Қазақстанға 200 миллион теңгенің темекісін өткізбек болған
© Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі республикаға ірі көлемдегі контрабандалық темекінің әкелінуін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
2024 жылдың мамыр айында "Сырым" (Батыс Қазақстан облысы), "Сыпатай батыр" және "Қарасу" (Жамбыл облысы) автокөлік өткізу бекеттерінде темекіні заңсыз алып өту әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Барлығы 200 миллион теңгеден астам сомаға 380 мың қорап темекі тәркіленді.
Арнайы жабдықталған көлік қоймаларынан темекі табылды.
Қосымша тергеу үшін тәркіленген жүк аталған облыстардың экономикалық тергеу басқармаларына берілді.
Бұған дейін Алматыда өмірге қауіп төндіретін алкоголь мен сыра табылған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:01, 10 қараша 2024
«Боран, қар, көктайғақ». Синоптиктер 11 қарашада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жариялады
-
16:44, 10 қараша 2024
«Қар борап тұр». Абай облысының полицейлері жолдың жабылуына байланысты ескерту жасады
-
15:58, 10 қараша 2024
Астанада мыс кабельдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
-
15:29, 10 қараша 2024
БҚО-дағы автосалондардан бірқатар бұзушылықтар анықталды
-
14:48, 10 қараша 2024
Ақмола облысында тоқтатылған жүк көлігіндегі тиеулі қарағай ағаштары ұрланған болып шықты