Әмір Омарханов еліміздің атынан Испаниядағы ірі турнирде өнер көрсеткен алғашқы жас теннисші
© Сурет: ktf.kz
Мадридте "Мастерс" турнирінің іріктеу ойындары басталды. Турнир ұйымдастырушыларынан wild card алған 16 жастағы Әмір Омарханов әлемнің 86-шы ракеткасы, испандық Роберто Баутиста Агутаға қарсы ойын өрнегін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ITF әлемдік жасөспірімдер рейтингісінде 13-ші орынға ие жерлесіміз бірінші партияда 2:1 есебімен алға шықты, бірақ содан кейін әлемнің бұрынғы тоғызыншы ракеткасының тәжірибесі өз дегенін жасады. Агут 6-2 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте Әмір бір гейм ала алды, осылайша испандық 6-1 есебімен жеңіске жетті.
Әмір Омарханов 16 жасында "Мастерс" турнирінің іріктеу ойындарына қатысқан алғашқы қазақстандық болды. Бұл - оның АТР-тур деңгейіндегі турнирдегі алғашқы тәжірибесі. Ұйымдастырушылар жас қазақстандықтың жетістіктерін бағалап, оған арнайы шақыру берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:02, 4 мамыр 2024
Неандертальдық әйелдің келбетін ғалымдар қайта жасады
-
09:55, 4 мамыр 2024
Қазақстанда жиналған қалдықтардың көлемі бір жылда 8 пайызға өсті
-
09:46, 4 мамыр 2024
Алматыда ғалым Әбдімәлік Нысанбаев пен суретші Сабыр Мәмбеевтің құрметіне мемориалдық тақта ашылды
-
09:41, 4 мамыр 2024
Астана маңындағы елді мекендердің кейбір тұрғындары электр қуатын үнемдейтін болады
-
09:39, 4 мамыр 2024
Жеке хайуанаттар бағында жануарлардың өлекселері табылды