Танымал американдық журнал Димаш Құдайберген жайлы мақала жариялады

© Сурет: Instagram/dimash.news
17 ақпанда әлемнің көптеген елдерінде халықаралық өкілдіктері бар әйгілі Rolling Stone журналы "Димаш Құдайберген музыка саласындағы жаһандық ықпалы үшін DIAFA 2024 сыйлығымен марапатталды" деген материал жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мақала авторы 2024 жылдың қараша айында Дубайда өткен беделді халықаралық Arab Festivals Awards (DIAFA) марапаттау рәсімі туралы баяндап, оның лауреаттары арасында танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де болғаны туралы жазды.
«DIAFA-да Димаштың марапаты үлкен маңызға ие. Ол осы сыйлықты жеңіп алған алғашқы Орталық Азия әртісі болғандықтан Әлемдік көшбасшылардың көрнекті тізіміне енді. Әр түрлі саладағы 25 журналистен тұратын комитет өткізетін қатаң іріктеуімен танымал DIAFA өз салалары мен қауымдастықтарының дамуына айтарлықтай үлес қосқан адамдарды атап өтті.Салтанатты рәсім барысында Димаш өзінің жалғасып жатқан әлемдік турының титулдық әні «Stranger» әнін орындады. Оның классикалық, поп – және дәстүрлі қазақ элементтері біріктірілген қойылымы көрермендерді баурап алды. Жүргізушілер оны мәдени және музыкалық шекаралардан өту қабілетіне баса назар аудара отырып, «шекараны білмейтін дауысы бар ерекше талант» ретінде ұсынды",- деп келтірді DimashNews материалдың мазмұнын.
Автор Димаштың DIAFA-ға қатысуы оның музыкасы тілдік және мәдени кедергілерді еңсеру арқылы бүкіл әлемде резонанс тудыратынын жазды.
"14-тен астам тілде сөйлеп, бүкіл Еуропа мен Азия бойынша залдарды толық жинай отырып, Димаш өз Қазақстаннан тыс жерлерде өз Отанының мәдениетін таныстыруды жалғастыруда»- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің қытайлық әншімен ерекше вокалдық эксперимент жасағаны хабарланған болатын.
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Читайте также:
-
08:21, 16 марта 2025
Равшана Куркова появилась на обложке узбекского журнала
-
06:55, 16 марта 2025
Ивлеева возвращается с новым фермерским реалити-шоу
-
06:16, 16 марта 2025
Буйнов извинился перед пострадавшей в ДТП женщиной
-
04:44, 16 марта 2025
Бойфрендом Ким Кардашьян стал робот Tesla
-
03:00, 16 марта 2025
Анну Пересильд обвинили в помощи известной мамы для съемок в рекламе модного бренда