Даниал Ахметов: Ресейден сапасыз арматура тасығанды қою керек
Облыс әкімі Даниал Ахметов Семейдегі «Полимер бұйымдары» зауытында болды деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Зауыттың жеке ірі сауда дүкені бар. Мұнда полиэтиленнен арнайы құбырлар мен фитингтер дайындалады. Даниал Ахметов зауыт дүкенінде сатылып жатқан арматуралардың Ресейдің Челябинск қаласынан әкелінетіндігін естіп қатаң ескерту жасады.
-Ана бір тұрған кран, задвижка, клапан тағы басқа су құбырына қажетті дүниелерді, мына арматураны неге Ресейден әкеліп отырсыздар?-деді облыс әкімі Даниал Ахметов,-бұл заттар Өскеменде де жасалады. Семейде отырып алып, Ресейдің бюджетін неге толтырып отырсыздар? Ресейдің сапасыз өнімін тасығанша мына Өскеменнің Аблакеткасында тұрған зауытпен неге қарым-қатынас жасамайсыздар? Өзімізде дайындалатын өнімдердің 25 жылдық кепілдігі бар, өте сапалы. Егер Қазақстандық өнімдерді пайдаланбасаңыздар, онда біз де сіздерге қолдау көрсетпейміз. Қазақстанда жасалатын өнімдер пайдаланылмаса бұған тиым салу керек. Энергетика, құрылыс басқармалары бұны назарға алыңыздар. Серік Қасымбекұлы, Өскемен мен Семейдегі барлық құрылыс компанияларының басшыларын жинап, отандық арматураның сатылуын қамтамасыз етулеріңіз керек. Өскеменде арматураның барлық түрі жасалады.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Читайте также:
-
20:44, 26 апреля 2024
Ребенок выпал из окна пятого этажа жилого дома в Актау
-
20:44, 26 апреля 2024
«Мастерс» в Мадриде: Карлос Алькарас разгромил Александра Шевченко во втором круге
-
20:15, 26 апреля 2024
Фейк о маньяке в Абайской области распространяется в Казнете
-
20:11, 26 апреля 2024
Заморозки, пыльная буря, град и гроза ожидаются на большей части Казахстана
-
20:10, 26 апреля 2024
Спасатели продолжают бороться с паводками в СКО