Артем Тимофеев: «Менің атам – жеңімпаз!»

15:45, 6 наурыз 2020

Ұлы Жеңістің 75-жылдығына орай алматылықтар ҚР Қорғаныс министрлігімен ұйымдастырылған «Менің атам - жеңімпаз» акциясына қатысуда.

Оған мектеп оқушылары, студенттер мен әскери қызметшілердің өздері де атсалысуда.

 

«22 маусым 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды. Жау тұтқиылдан соғыс ашты. Немістер қалаларды қиратып, ауылдарды өртеді, мал-мүлікті тартып алды. Бейбіт халықты концлагерьлерге қамап, барымыздан айырды. Төбеден бомбалар тастап, көздеріне түскеннің барлығын атып тастады.  Көптеген адамдар аштықтан, суықтан көз жұмды. Соғыс ошағының бірі Курск түбіндегі айқас болды.  Неміс армиясы жеңіліске ұшырады және соғыс біткенше содан оңала қоймады. Біздің аталарымыз өз жерімізді қайтарып, Германияға лап берді. 1945 жылғы мамыр айында соғыс аяқталды. Соғыс туралы басқа не білемін? Соғыста жеңгендер болмайды деп ойлаймын. Екі жақтың да адамдары қаза табады, бүгінгі бейбіт күнімідің, тәуелсіздігіміздің құны қандай екенін тағы бір еске салғым келеді. Мұны әрқашан жадымызда ұстауымыз керек»,  - деді №95 орта мектептің «Жас сарбаз» сыныбының оқушысы Артем Тимофеев.         

Атап өтерлігі, «Менің атам соғыста...» атты тақырыбында үздік жазылған шығарма мен эсселерге Алматы қаласы ҚІД өз сыйлығын дайындап қойды, яғни сайыс жеңімпазы Алматы қаласындағы спорт-сауықтыру кешендерінде жазғы демалысын тегін өткізеді.


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!