Желідегі видео: Оралда су ағызып әкеткен ер адамға қатысты тың мәлімет жарияланды
© Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде Орал қаласында саяжай аумағын су басу кезінде суға ағып бара жатқан ер адамның видеосы тараған болатын. Ер адамды Ұлттық ұлан сарбаздары мен полицейлер аман-есен құтқарып қалады. Осы оқиғаның егжей-тегжейі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетсек, 22 сәуірде Жайық өзені кенерінен асып, Орал маңындағы саяжай аумақтарын су басты. Су тасқынының екінші кезеңіне дайын БҚО әкімдігі атқарушы органдарға су алуы мүмкін елдімекендердегі адамдарды алдын ала эвакуациялауды тапсырған болатын. Алайда өз еркімен эвакуациядан бас тартқан адамдар да бар болып шықты. Үлкен су келгенде саяжай аумағынан құтқарушылар төрт адамды құтқарды. Солардың бірі - су ағызып әкеткен 1962 жылғы Анатолий Мефтахудинов (РФ азаматы).
"Бізді алдын ала эвакуациялаған. Мен арнайы бекетті білдірмей айналып өтіп, өзімнің саяжайыма бардым. Бүлдіргендерім мен таңқурайымды қазып алып, құтқарғым келді. Су жоқ. Содан ащы судан алып қойып, ұйықтап кетіппін. Оянсам үйге су кіріп кеткен. Атып далаға шығып едім, ағын су ағызып әкетті. Қайта жігіттерге рақмет, мені құтқарып қалды. Төртеуі бірінің қолынан бірі мықтап ұстап, мені қағып алды...", - дейді ол.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:55, 3 мамыр 2024
Imanbek ҚР Президенті күзеті қызметіне арналған бейнебаянның аранжировкасын жасады
-
22:30, 3 мамыр 2024
Ақтөбені қара түтінге бөккен алапат өрт сөндірілді
-
22:22, 3 мамыр 2024
Қырғыз Президенті балмұздақ таситын көлік қаққан 10 баланы Бішкекке жеткізуді тапсырды
-
21:29, 3 мамыр 2024
«Газ баллонын шаша салды». Астанада автобустағы агрессивті жолаушы видеоға түсіп қалды
-
21:18, 3 мамыр 2024
«DamuBala» бағдарламасы: Шымкентте қос басқарманың бұрынғы басшылары жауапқа тартылды