Жайық өзеніндегі жағдай жақсармай тұр. Баяу болса да су әлі келуде

11:09, 23 сәуір 2024

© Сурет: pixabay

Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы 2024 жылғы 23 сәуірге Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы қысқаша мәлімет берді. Мамандардың айтуынша, үлкен су келуді жалғастырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді.

Бір тәулікте су деңгейі қаншалықты өзгерді?

  • Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 587 см., деңгейдің +5 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 364 см.
  • Жайық өзені – Махамбет кентінің гидропостындағы деңгейі 710 см., деңгейдің + 4 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 393 см.
  • Жайық өзені-Атырау қ. гидропостындағы деңгейі 418 см., тәулігіне + 6 см. деңгейдің көтерілуі су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 227 см.

"23 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 252 м3/с құрайды", - делінген хабарламада.Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Оқи отырыңыз: Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша өтемақы төленеді

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!