Су қоймасы туралы тағы бір фейк ақпарат: Петропавл тұрғынына 74 мың теңге айыппұл салынды

17:36, 22 сәуір 2024

© Сурет: pexels

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер Сергеев су қоймасының бөгетіне қатысты жаңсақ ақпарат таратқан керекулікті жауапкершілікке тартты. Бұл туралы 2024 жылдың 22 сәуірінде өңір полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 сәуірде полицейлер Instagram желісінде Сергеев су қоймасынан түсірілген видеоны анықтады.


"Видеода қоймадағы судың деңгейі 4 метрді құрағаны айтылған. Шын мәнінде, судың биіктігі әлдеқайда азайған. Осылайша, автор судың шынайы деңгейін бұрмалап, жалған ақпарат таратқан. Ол 25 жастағы петропавлдық болып шықты. Оның сөзінше, бұл ақпаратты сол маңда түсірілім жүргізіп жатқанда болған бейтаныс адамнан естіген.Қала тұрғыны өз кінәсін мойындады". СҚО ПД баспасөз қызметі

Полицейлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабына (жалған ақпарат орналастыру, тарату) сәйкес жеке тұлғалар үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл көзделгенін еске салады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!