Мемлекеттік қызметкерлерге қатысты жаңа шектеу түрі енгізілді
© Сурет: freepik
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер құмар ойын ойнай алмайды. Бұл туралы 22 сәуірде Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында депутат Елнұр Бейсенбаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осындай норма Ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері жөніндегі заң жобасына енген.
"Шектеу барлық мемлекеттік қызметкерлерге қатысты болады. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң бар, оның шеңберінде "сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер" деген 12-бап бар. Мемлекеттік қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері, бұл - шамамен 220 мың адам кез келген құмар ойынды: букмекерлік кеңсені, казиноны және онлайн-казиноны пайдалана алмайды", - деді Елнұр Бейсенбаев.
Ол Қазақстанда, негізінен, онлайн-казино қызметіне тыйым салынғанын еске салды. Алайда, жаңа түзетулер бойынша олардың ұйымдастырушылары үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетін болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:18, 3 мамыр 2024
«DamuBala» бағдарламасы: Шымкентте қос басқарманың бұрынғы басшылары жауапқа тартылды
-
20:59, 3 мамыр 2024
Қойма өртеніп, Ақтөбені қара түтін басып қалды
-
20:57, 3 мамыр 2024
Әуеге көтерілген Ан-2 ұшағы Арқалық маңында бірден төменге құлдилай жөнелді
-
20:42, 3 мамыр 2024
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, бұршақ түседі, үсік жүреді деп болжанады
-
20:20, 3 мамыр 2024
АМТ заңгерінің өлімі. Сот үкімнің күші жойылып, қылмыстық іс қайтадан қаралатын болды