Ақмола облысында су тасқыны кезінде суға батып кетті деген ер адам тірідей табылды

21:57, 22 сәуір 2024

© Сурет: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақмола облысында Атбасар ауданында таңғажайып оқиға болды: "суға батты" деген ер адам тірідей табылды. Бұл туралы 2024 жылы 22 сәуірде өңірлік ТЖД ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жабай өзенінің тасуы салдарынан су басқан учаскеде 1977 жылғы ер адам батып кетті деген күдікпен кеше ақмолалық құтқарушылар кеше шақырылған болатын.

"Бірінші күнгі іздеу жұмыстары еш нәтиже бермеді. Бірақ, бүгін таңертең ер адам бұталардың арасынан тірі, аман-сау табылды. Құтқарылған адам сүңгуір костюмдерін киген құтқарушыларды көріп қуанып кеткен. ТЖД қызметкерлері оны тамақтандырып, құрлыққа жеткізді. Ер адам жыра-жықпылдың арасында 1,5 күн отырған". Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Құтқарылған ер адам, Ақмола облысы, су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2024 21:57

Сурет: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ер адамның су басқан учаскеге не үшін және қалай барғанын қазір Атбасар ауданының полиция бөлімі анықтауда.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!