Аида Балаева су тасқыны аймағында журналистердің болуына неге тыйым салынғанын түсіндірді

19:25, 22 сәуір 2024

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2024 жылы 22 сәуірде Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында Қазақстанның батысындағы су тасқыны аймағында БАҚ өкілдерінің болуына неге тыйым салынғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, су тасқыны аймағында халықты эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр, сондықтан ол жерде болу кез келгеннің өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

"Мен мұны қолсұғушылық деп санамаймын. Қалай дегенмен де Астанада жүрміз, шын мәнінде істің жағдайын және ТЖ қызметкерлері қандай жағдайда жұмыс істеп жатқанын біз білмейміз ғой. Кеше олар бастапқыда эвакуациядан бас тартқан адамдарды құтқаруға мәжбүр болды. Сондықтан ол арада шектеу туралы заңнамалық нормалар бар, әрине біз бірінші кезекте адамдардың, оның ішінде журналистердің қауіпсіздігі туралы айтып отырмыз. Біз Астанадамыз ғой, онда не болып жатқанын айта алмаймын. Мүмкін, шынымен де, сіздердің баруларыңызға болмайтын өте қиын жағдайлар болған шығар. Сондықтан бәрі өз орнына келгенде бұл мәселені талдап көрейік", - деді ол.

Министр заңнамада бар ережелерге сүйену керек екенін атап өтті.


"Мен түсінемін (бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын – ред.), бірақ егер сіз, мысалы, құтқару жұмыстары жүріп жатқанда өз қызметіңізді жүзеге асырамын деп суға батып кетсеңіз немесе зардап шексеңіз, ол үшін кім жауап береді? Жоқ, менің ойымша, бұл цензура әрекеті емес. Менің ойымша, бұл адамдардың өміріне деген қамқорлық. Менің ойымша, ақпарат жеткілікті. Республикалық штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, күніне төрт рет арнайы брифингтер өткізіледі. Барлық жергілікті атқарушы органдар түсініктеме беріп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі де түсініктеме береді, сондықтан бұл арада ақпаратқаты қатысты шектеулер бар деп санамаймын", – деді министр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!