22 сәуірдегі саудада доллар арзандады

15:44, 22 сәуір 2024

© Сурет: Zakon.kz

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,78 теңгеге төмендеп, 445,66 теңге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 61,49 теңгені (-0,15) құрады.

Ұлттық банк Еуро бағамын 475,38 теңгеге, рубль – 4,79 теңгеге белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 445,9-447,5 теңгеге, еуро 475,5-479,5 теңгеге, ресей рублі 4,69-4,79 теңгеге сатылуда.

Сонымен қатар, 22 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 1,48% - ға, барреліне 86 долларға дейін төмендеді.

NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының маусымдағы фьючерстері 1,58% - ға төмендеп, барреліне 80,92 долларды құрады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!