Танзанияда паром аударылып, 94 адам көз жұмды

17:07, 21 сентября 2018
420

Танзаниядағы Виктория көлінде паром аударылды. Өзеннен 94 адамның денесі табылған, деп хабарлайды Baq.kz.

Танзаниялық The Citizen басылымының хабарлауынша, 44 адамның өлі денесі паром суға батып кеткеннен кейін табылған. 50 адамның денесі 21-қыркүйек күні судан шығарылған.

Паром 100-ге жуық жолаушыны және 25 тонна жүкті тасымалдауға шақталған. Алайда кеме суға батқан кезде онда 400-ден астам адам отырған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Танзаниядағы Виктория көлінде жолаушылар мінген паром аударылып, соның салдарынан 44 адам қайтыс болғанын жазған едік.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!