Өзбек имамдары мемлекеттен тегін баспана алады

16:06, 19 апреля 2018
438

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының баспанаға зәру имамдары мен қызметкерлеріне жаңа үлгімен салынған үйлер тегін беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz ҚМДБ ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент Шавкат Мирзияев 16 сәуірде "Діни-ағарту қызметін түбегейлі жетілдіру жөніндегі шаралар" қаулысына қол қойды.

Құжатқа сәйкес, Мұсылмандар діни басқармасында "Вакф" қайырымдылық қоғамдық қор құрылады. Соның есебінен басқарма қызметкерлері мен имамдарға айлық төленеді.

Бұған қоса, жұмысын жақсы атқарған және баспанаға зәру имамдар мемлекеттен жаңа үлгімен салынған үйлерді тегін алады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!