Дональд Трамп Наурыз мерекесімен құттықтады

13:03, 20 марта 2018

АҚШ президенті Дональд Трамп Наурыз мерекесін атап өтетін халықтарды құттықтады, деп хабарлайды Baq.kz.

«Көктемде Наурыз мерекесін атап өтіп жатқан әлемдегі барша халықты құттықтаймын», - дейді Дональд Трамп.

Басылым бұл құттықтаудың негізінен Иран азаматтарына бағытталғанын жазды. Наурыз – иран және түркі халықтарының жаңа жыл мерекесі.

Ауғаныстан, Иран, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Албания, Қырғызстан, Македония және Түркия халықтары оны 21 наурыз күні, ал Қазақстан халқы мемлекеттік мереке ретінде оны 21-23 наурыз күндері аралығында атап өтеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!