Амстердам дүкендерінің бірінде iPad жарылды

15:54, 20 августа 2018
524

Амстердам дүкендерінің бірінде iPad жарылды, дүкенге келушілер бірден сыртқа шығарылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net порталына сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілердің пайымдауынша, гаджет қызып кетуден немесе аккумуляторының бүлінуінен жарылған. Жарылыстан ешкім зардап шекпеді.

Гаджетті құм салынған шелекке тастаған. Кейін белгілі болғандай, улы түтіннен үш адамның тыныс алу жолдары қабынған. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, дүкен жұмысын жалғастырған.

Бұған дейін беделді сарапшы Минь Чи Ку осы жылы көпшілікке таныстырылатын Apple гаджеті жөнінде егжей-тегжейлі айтқан болатын. Оған дейін Apple компаниясының бұрынғы қызметкері компанияның құпия технологиясын ұрлағаны белгілі болды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!