Илон Маск екі моторлы Tesla көлігі туралы айтты

14:15, 21 мая 2018

Tesla екі қозғалтқышы бар толық жетекті Model 3 жасап шығармақ. Бұл туралы компанияның басшысы Илон Маск өз Twitter-інде жазды, деп хабарлайды Вaq.kz.

Оның айтуынша, мұндай автокөлікпен жүрудің өзі - ғанибет. Tesla-ның толық жетекті Model 3 сағатына 96 километрге жүру үшін 3,5 секундта іске қосыла алады. Максималды жылдамдығы сағатына - 250 километр. Ал аккумулятордың қуаты 500 километрге дейін жетеді.

Мотордың біреуі көліктің алдыңғы жағында, екіншісі артқы бөлігінде орналасқан. Толық жетекті Tesla 78 мың доллар тұрады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!