Байқаңыздар! Алматы облысында тақтайдай трасса жарылып кеткен

09:50, 30 апреля 2021

© Сурет: instagram.com/taldykorganec.insta

Әлеуметтік желілерде Алматы облысында бұзылған тас жолдың учаскесі түсірілген видео тарады, деп хабарлайды zakon.kz.

Температураның күрт ысып, цемент-бетон жамылғысының жайылуына байланысты трассаның түйіскен аумағында бетон плиталар көтерілген. "ҚазАвтоЖол" жедел түрде жол белгілерін орнату бойынша шаралар қабылдады және оған Алматы облысының ПД Жол полициясы басқармасы қызметкерлері тартылды. Цемент-бетон жамылғысының түйіскен жерінде пайда болған жарықтың себебін жою үшін комиссия құрылды, оның нәтижелері бойынша бұл учаскедегі жолды тезірек қалпына келтіру шаралары қабылданады, - деді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Желі қолданушылары Алматы облысындағы Шелек ауылының маңында тас жолдың жарылғанын жазып, осы бағытқа бет алған өзге отандастарына абай болуды ескертті әрі өз таныстарына да бұл жолдың жаман екенін ескертуді сұраған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!