Жылқысын сойып жеген норвегиялық қыз әлемнің ашуын туғызды

10:12, 17 қазан 2019

Бір апта бұрын Норвегиядағы Трённелаг тұрғыны Пиа Ольден Facebook-ке сурет жүктеп фотографию, енді оны бүкіл әлемнің қолданушылары балағаттап жатыр, деп жазады ИноСМИ.

Суретте – асылған кәдімгі жылқы еті.

- Мені жер-жебіріме жеткізіп қарғап-сілеп жатыр. Газеттер қарны ашқаннан жылқысын жеген жауыз деп жазды мен туралы, - дейді Ольден.

Бірақ шындығында жағдай басқаша болыпты. Жылқы ауыр жараланған, жалғыз жол – оны ұйықтатып өлтіру болыпты.

- Өкінішке қарай, ұйықтатып тастауға тура келді. Оған онша көп дәрі-дәрмек салынбағандықтан, етін жеуге болатын. Бұл оңай шешім болған жоқ. Бірақ жылқым өлімінен кейін де пайдасын тигізсін деп ойладық, көміп тастау, немесе денесін лақтырып жіберуге обал – қаншама аса сапалы ет қой бұл, - дейді 18 жастағы қыз.

- Жылқы еті әрине, жеуге жарамды. Оны жеу мен жемеу тек халықтың дәстүрі мен мәдениетіне байланысты. Шошқа еті де сондай ғой. Өз үйіндегі көзі үйренген жануар болған соң союға қимайды. Екінші джүниежүзілік соғыста адамдар қорадағы малын бір-бірімен ауыстырып соятын, өйткені өзінікін жей алмайтын, - дейді зерттеуші Аннекен Бар Бугге.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!