Жыласа көзінен моншақ түсетін қыз. Дәрігерлер аң-таң

10:31, 23 қыркүйек 2019
436

Офтальмолог дәрігер Татьяна Шилова жыласа жас орнына "моншақ" түсетін 22 жастағы армян қызы - Сатеник Каразянға диагноз қойып көруге тырысты, деп жазады Zakon.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Дәрігер, әрине мұның патология екенін, оның өте сирек кездесетін айтады. Сондықтан оның себебін анықтау өте қиын көрінеді. Дегенмен дәрігер бұл көздегі кристалданудың үдеуі салдарынан жас сұйықтығында тұздардың көбейіп кетуінен болуы мүмкін деп өз болжамын ортаға салады.

- Жас дегеніміз - құрамы жағынан қанға ұқсас биологиялық сұйықтық. Сондықтан белгілі бір жағдайларда - жалпы дененің генетикалық ауытқуы немесе көз ауруының қабынуы салдарынан оның құрамы бұзылуы мүмкін, - дейді Шилова.

Дәрігер метаболизмнің бұзылуы салдарынан осындай кристалдар бауыр мен бүйректе де пайда болып жатады, сондықтан науқасқа толықтай тексеруден өту қажет.

Газарянда біртүрлі құбылыстың алғашқы белгілері екі ай бұрын білінген. Қыздың көзінен бір тәулік ішінде 50-ден астам кристалл жаспен бірге түседі екен.


Источник: zakon.kz


Пікір