Жүзден аса адамның өмірін жалмаған Гватемаладағы жанартау қайта оянды

10:18, 13 маусым 2018

Бұған дейін 100-ден астам адамның өмірін қиған Гватемаладағы Фуэго жанартауы қайта оянды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап өтілгендей, мамандар жанартаудың кратеріндегі жарылыстарды тіркеген. Ал газдар мен ыстық күл 5 км биіктікке дейін атқылауда.

Сарапшылар күлдің жанартауға жақын орналасқан елді-мекендерге, соның ішінде елдің бұрынғы астанасы Антигуаға да түсуі мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Бұған дейін қаза тапқандар саны 100-ден асып, 200 адам із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған болатын.

Гватемалада Фуэго жанартауы 3 маусым күні атқылай бастады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!