Журналистер жаһандық апат туралы құпия құжаттарды зерттеді

14:27, 22 қазан 2021

© Сурет: Pixabay

Бірқатар елдер Глазгодағы Климаттық саммит қарсаңында зиянды шығарындыны азайту бойынша БҰҰ ұсыныстарының бір бөлігін жеңілдетуге немесе жоюға тырысуда. Бұл туралы елдердің үкіметтері БҰҰ жанындағы климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының баяндамасына жіберген түсініктемелері мен ескертулерінде айтылған, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұдан шығатыны, кейбір елдер БҰҰ болжаған жаһандық климаттық апатқа сенбейді.

Құжаттарды британдық Greanpeace тергеуші журналистері тауып алды. "BBC" қызметкерлері мемлекеттерден, компаниялардан және басқа да мүдделі тұлғалар сұраған 32 мың түзетуді зерттеді. Құжаттарға сәйкес, әр мемлекет БҰҰ ұсыныстарының оның экономикасына қаншалықты әсер ететініне байланысты өз мақсаттарын көздеген, – деп жазады "Лента.ру".

Сауд Арабиясы, Жапония және Австралия БҰҰ-дан қазбалы отыннан баяу бас тартуға қол жеткізгісі келетінін атап өтті.

Сауд Арабиясы Мұнай министрлігінің кеңесшісі Үкіметаралық сарапшылар тобының есебін қайта жазуды және климаттық өзгерістердің салдарын жеңілдету үшін қазбалы отыннан шұғыл түрде бас тартуға шақыруды алып тастауды талап етті. Өз кезегінде Австралияның жоғары лауазымды шенеунігі көмір электр станцияларын жабу қажет дегенге қарсы шықты. Бұл қалыпты құбылыс, өйткені, Сауд Арабиясы – әлемдегі ең ірі мұнай өндірушілердің бірі, ал Австралия жетекші көмір экспорттаушысы. Сондай-ақ, Австралия Сарапшылар тобының баяндамасынан қазба отынының лоббистері Австралия мен АҚШ-тағы климаттың өзгеруіне қарсы күресті қалай бәсеңдетуге тырысқаны туралы талдау сілтемесін алып тастауды талап етті, - делінген ақпаратта.

Үндістан Үкіметіне жақын тау-кен және отынды зерттеу институтының аға қызметкері БҰҰ-ға көмірден бас тарту электр қуатына қатысты үлкен проблемаларға алып келетінін ескертті. Үндістан – әлемдегі екінші ірі көмір тұтынушы. Сондай-ақ, Үндістанның талаптары ядролық энергетикадан бас тартуға байланысты.

Бразилия мен Аргентина – сиыр еті мен жем-шөптің ірі өндірушілері, олар парник газдарының шығарындысын азайту үшін ет тұтынуды азайтуға қарсы болды. Бразилия өсімдік негізіндегі диета туралы тармаққа назар аударды, бұл шығарындыларды екі есе азайтады. Аргентина ет тұтынуды азайтуға және қызыл ет салығын енгізу туралы ұсынысқа сілтемелерді алып тастауды талап етті.

Швейцариядан "жасыл" мақсаттарға қол жеткізу үшін кедей елдерді қаржылық қолдау бөлігінде түзетулерді өзгертуге көптеген түсініктемелер жіберілді. Біз 2009 жылы Копенгагендегі Климаттық конференция туралы айтып отырмыз, оның нәтижелері бойынша дамыған елдер дамушы елдерге 2020 жылға дейін жыл сайын 100 миллиард бөлуге міндеттелді. Үкіметаралық сарапшылар тобының үш есебін дайындауға қатысқан жетекші климатолог ғалым, Шығыс Англия университетінің профессоры Коринн Ле Кере топтың бейтараптығына күмән келтірмейді.

Егер лоббистік пікірлер ғылыми негізделген болса, ол Үкіметаралық сарапшылар тобының жаңа есебіне енеді. Елдердің үкіметтері өз көзқарастарын білдіруге құқылы, - деді ол.

Онымен 2015 жылғы Климат жөніндегі Париж конференциясының кураторларының бірі Кристиана Фигерес келіседі. Оның айтуынша, БҰҰ жанындағы климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобы барлық пікірді тыңдауы тиіс.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!