"Жұлдызды" Ресей жолда қалды: Финляндия хоккейден әлем чемпионы атанды

09:45, 27 мамыр 2019
388

Хоккейден әлем чемпионатының финалында Финляндия құрамасы Канаданы 3:1 есебімен ұтып, әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал бұл туринирге өте мықты құраммен келген Ресей құрамасы жартылай финалда Финляндиядан ұтылып қалып, кеше үшінші орын үшін өткен ойында Чехиямен 2:2 есебімен тең түсіп, буллиттер сериясында әрең дегенде қол жүлдеге қол жеткізді.

Хоккейден әлем чемпионаты Словакияның Братислава және Кошице қалаларында өткен. Былтырғы әлем чемпионы – Швеция құрамасы биыл ширек финалға жетіп тоқтады. Ал финндер тарихта осымен үшінші рет әлем чемпионы атанды (бұған дейін 1995 және 2011 жылдары алтын жүлдегер болған).

Ресей құрамасы 5 дүркін әлем чемпионы, АҚШ 2 дүркін, Канада 26 дүркін әлем чемпионы.


Источник: zakon.kz


Пікір