Жолбарысқа жақындаймын деп қолынан айырылды

10:06, 6 маусым 2019
1180

Вьетнамның Биньзыонг провинциясында жеке меншік хайуанаттар бағының қызметкері жолбарысты суға шомылдырамын деп қолынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Жарақат алған 49 жастағы Во Тан Тхуанды (Vo Thanh Quoi) әріптестері сейсенбі, 4 маусым күні анықтаған. Жыртқыш ер адамның оң қолын түгел жеп қойса, сол қолын шынтағынан төмен қарай шайнап тастапты. Кейін белгілі болғандай, вьетнамдық жолбарысты шомылдырмақ болған көрінеді.

Ер адам жергілікті ауруханаға жеткізіліп, артынан Хошиминдегі медициналық мекемеге ауыстырылған.

Зерттеушілер Вьетнамда жабайы табиғатта жолбарыстардың қалғанын айта алмай отыр. Жануралар фермаларда өсіріледі екен. Олардың дене мүшелері дәстүрлі медицина мен әшекейлер жасауда пайдаланылады.

Вьетнамдағы экологиялық белсенділер жеке хайуанаттар бақтарының иелерін жанауарларға жауыздық көрсетеді және олардың жойылып бара жатқан түрлеріне деген жауапкершіліктің жоқтығын айтып үнемі айыптап келеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!