Жолаушылар автобусынан қауіпті сәлемдеме анықтылды

11:14, 23 қазан 2018
439

Ресейдің Федаралды қауіпсіздік қызметіне қарасты шекара басқармасы Омск-Қарағанды бағытындағы жолаушылар автобусынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты деп хабарлайды baq.kz.

«Омск онлайн» порталының мәліметіне сәйкес, РФ ФҚҚ Шекара басқармасы Черлак ауданындағы «Ольховка» өткізу пунктінен жолаушылар автобусына тексеріс жүргізген. Тінту барысында қызметкерлер Омск-Қарағанды бағытындағы автобустың жүк салғышынан 2 Калашников АКСУ автоматы мен РПГ-7 граната атқышының 4 макетін тапқан.

«Болған жағдайды автобус жүргізушілері «қару-жарақ пен оқ-дәрілерді Омск автовокзалында белгісіз азаматтардың берген» деп түсіндірген. Олар сәлемдемені Қазақстандағы адресатқа жеткізуді өтініпті», - делінген РФ ФҚҚ Шекара қызметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Шекара басқармасы қызметкерлері қару-жарақты тәркілеп, істі Черлак аудандық ІІБ-не тапсырды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!