Жоғары билеуші. Ресейде Президент лауазымы атауын өзгерту ұсынылды

16:45, 29 қаңтар 2020

РФ Конституциясына түзетулерді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы елдің негізгі заңына 100-ден астам жаңа бап енгізуді ұсынды, деп хабарлайды "Российская газета".

- Мәселен, олардың ішінде мемлекет басшысы лауазымы атауын "Жоғарғы билеуші" деп өзгерту ұсынылған. Немесе тағы бір идея - заңнамалық бастамашыл құқығына ие субъектілердің санын көбейту. Естеріңізге сала кетейін, қазірдің өзінде олардың саны жеті жүзден асады, - деді Конституцияға өзгерістер енгізу туралы РФ заң жобасы бойынша Президенттің ресми өкілі Павел Крашенинников.

Оның айтуынша, жұмыс тобының жұмыс технологиясы жетіліп келеді. Әрі қарай мұның бәрі бір-біріне кіріктіріліп, Президентке ұсынылады, ал ол ондағы кейбір түзетулерді Мемлекеттік Думаның қарауына бере алады.

15 қаңтарда Путин Федералды жиында РФ Халқына жолдау жасап, ел конституциясына бірқатар өзгертулер енгізуді ұсынды.

20 қаңтарда Ресей президенті Мемлекеттік Думаның қарауына Ресей Федерациясының конституциясына өзгерістер енгізу туралы заң жобасын ұсынды.

Ол 23 қаңтарда бірінші оқылымда бірауыздан қабылданды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!