Жоғалған қызын анасы порносайттардың бірінен тауып алған
Флорида штатының Санрайз қаласының тұрғыны жоғалған қызының видеосын порносайттардың бірінен байқап қалған, деп хабарлайды Lenta.ru.
15 жастағы қыздың жоғалғанына бір жылға жуық уақыт болып, оған іздеу жарияланған.
Әйелдің айтуынша, ол желіде өз баласының ашық-шашық суреттері мен видеоларын көрген. Полиция жоғалған қыздың қатысуымен түсірілген әртүрлі эротикалық сайттар мен әлеуметтік желілерден 60-қа жуық видеоны анықтады. Түсірілімге қатысқан ер адамның бірін қызбен бірге дүкеннің сатушысы 2019 жылдың ақпан айында көргенін айтқан.
Полиция қызметкерлері дүкеннің бейнетаспа мұрағатын көтеріп, оның көрші қаладан келген 30 жастағы Кристофер Джонсон екенін анықтады.
Содан полиция ер адамның үйін торуылдап, оны сырттай қадағалады. Полиция оның қасынан жоғалған қызды көрген кезде оны қамауға алды.
Жасөспірім барлық порно видео ер адамның үйінде түсірілгенін айтты. Қыздың айтуынша, Джонсон камера алдында онымен жыныстық қатынасқа түскен, бірақ ер адамның өзі мұны жоққа шығарады. Сондай-ақ, жоғалған қыз оның ер адамнан жүкті болғанын, содан кейін оны аборт жасатуға клиникаға апарғанын айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады