Жерге қауіпті астероид жақындап келеді – NASA

08:53, 2 маусым 2020

Көлемі 250-570 метрлік қауіпті 163348 (2002 NN4) астероиды сенбі күні Жерге жақындайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы америкалық NASA ғарыш агенттігінің деректерін жариялавған Space Reference жазады.

Ғарыш денесі 6 маусымда біздің планетамызға жақындайды. Жақындағанда, Айдың орбитасынан 13 есе ары қашықтықтан өтеді, сондықтан Құдай сақтағанда, оның Жерге соғылуы болжанып отырған жоқ.

Бірақ астероид қауіпті саналады, өйткені оның траекториясы жердің орбитасымен шектеседі.

Бұл астероид 2002 жылы ашылған. Ол Жердегі шамамен 300 тәулікте Күнді бір айналады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!