Жерар Депардье Өзбекстан туризмінің Франциядағы елшісі болды

08:44, 12 қараша 2019
1283

Француз актеры Жерар Депардье Өзбекстанның туристік брендінің Франциядағы елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы өзбек премьер-министрі Азиз Абдухакимов мәлімдеді, деп хабарлайды centralasian.org.

Оның айтуынша, тиісті сертификат актёрге арнайы ұйымдастырылған іс-шарада тапсырылады.

Жергілікті басылымдардың мәліметіне қарағанда, Өзбекстан туристік брендін Францияда және әлемнің басқа елдерінде таныту мақсатында актер өзі ұсыныс білдірген.

Жерар Депардье Ташкентке өткен аптада "Жібек жолы" деректі фильмін түсіру үшін барған. Фильм 6 қарашадан 26 қарашаға дейін Өзбекстанның Ташкент, Самарқанд, Бұхара, Хива, Термез және Нүкіс қалаларында түсіріледі. Қазір актер Самарқандта жүр.

Жерар Депардье постсоветтік аймақтағы диктаторлармен жақын байланыста болған батыс жұлдыздарының бірі.

2012 жылы ол Өзбекстанның тұңғыш президенті, марқұм Ислам Каримовтің үлкен қызы Гүлнара Каримовамен дуэт болып ән шырқаған. 2013 жылы адам құқықтарын бұзып келген Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтың шақыруымен Грозныйға барып, сыйлық алған.

Депардье Франциядан елдегі бай адамдарға салық көбейтілгеннен кейін, 2013 жылы Ресей төлқұжатын алған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!