Жер магнитті дауылдың ықпалына түсті

14:48, 1 наурыз 2021
4171

© Сурет: wikipedia.org

Жер G2 - орта деңгейлі магниттік дауыл ықпалында тұр, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл Күнде жақында С класындағы әлсіз алаудың бұрқ етуімен байланысты туындаған табиғи құбылыс, сонымен қатар ғалымдардың болжамдары бойынша, дүйсенбіде магниттік дауылдың тұру ықтималдығы 10 пайызды ғана құрады.

Магниттік дауылдарды жіктеуде бес деңгей бар - G1-ден G5-ке дейін. Әлсіз дауыл электр жүйелерінің жұмысында ақау туындауына, сонымен қатар құстар мен жануарлардың көші-қон жолдарына әсер етеді деп саналады, - деп хабарлады РФ Ғылым академиясы Физика Институты Күн сәулесінің астрономия зертханасындағылар.

Күшті дауылдар қысқа толқынды байланыс пен навигациялық жүйелердің жұмысында, сондай-ақ өндірістік электр желілерде ақау тууына әкеліп соғады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!