Жеңіс парадында бір танк көрермендерге қарай «қойып» кетті

18:54, 24 маусым 2020

Севастопольде Жеңіс күніне арналған шеруде бір танк көпшілікті жапырып кете жаздады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы "Подъем" басылымына осы іс-шараға қатысқан куәгер айтты.

Оның айтуынша, оқыс оқиға Нахимов алаңына қарай бұрылыста болған.

- Танктер колоннасын бастап келе жатқан Т-34 танкі бұрылудың орнына кенеттен тікесінен тартты. Көрермендер, әрине мұндайды күтпеген, тіпті қорыққандарынан орнынан тыпыр ете алмай қалды. Құдай сақтағанда, әскери полиция дереу әрекет етіп, танкті тоқтатты, тіпті оны сол арада жөндеді. Содан кейін танк жұмыс істеп, қайтадан қатарға қосылды. Бұл, негізінен көне танк екен, 75 жылғы бұрын, ол парадқа арналып, жөнделіп, қатарға қосылыпты, - деді ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!