Желінің істен шығуына байланысты Facebook мәлімдеме жасады

10:02, 5 қазан 2021
689

© Сурет: pixabay.com

Facebook компаниясының мәлімдеуінше, дүйсенбіде желі жұмысындағы үлкен сәтсіздік салдарынан оның қолданушыларының жеке деректері қолды болды деп айтуға еш негіз жоқ, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұған дейін Privacy Affairs интернет-басылымы әлеуметтік желілердің жұмысындағы сәтсіздік туралы хабарлап, Facebook-тің 1,5 миллиард қолданушыларының деректері DarkNet-те сатылымға қойылғанын хабарлаған болатын. Расталмаған мәліметтер бойынша, бұл әлеуметтік желі қолданушыларының аты-жөні, физикалық және электрондық пошта мекенжайлары мен телефон нөмірлері болуы ықтимал.

Ақау кезінде желі қолданушыларының мәліметтері қолды болды деуге ешқандай дәлел жоқ, - делінген Facebook хабарламасында.

Facebook, Instagram, WhatsApp және басқа да бірқатар қосымшалар дүйсенбіде жеті сағатқа жуық қолжетімсіз болды.

Facebook-тің негізін қалаушы және басшысы Марк Цукерберг Facebook, Instagram және WhatsApp мессенджері интернет-платформалары жұмысындағы сәтсіздік үшін кешірім сұрады.

WhatsApp, Instagram және Facebook мессенджерлері бүкіл әлемде жұмысын тоқтатты. Қазақстандық қолданушылар да әлеуметтік желілерге қосыла алмағанына шағымданды. Downdetector веб-сайтындағы дерекке сәйкес, проблемалардың көпшілігін Ресей, Украина, Польша, Словакия, Венгрия, Эстония, Латвия және басқа елдердің қолданушылары да бастан кешкен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!