Желіде ұшақта Навальныйдың көмекке шақырған видеосы жарияланды

14:27, 20 тамыз 2020

Алексей Навальныймен бірге бір ұшақта болған жолаушылар салон ішінде түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жолаушылардың айтуынша, Навальный дәретханаға кеткеннен қайта оралмаған. Олар оның көмек сұрап айқайлағанын естіген, деп хабарлайды Life Shot Telegram арнасы.

Алексей Навальныйдың комаға түскені белгілі. Ол ұшаққа отырмастан бұрын Томск әуежайындағы мекемелердің бірінде шай ішкен. Полиция тергеуді бастады. Навальныйдың ағзасынан психодислептикалық, галлюциногенді зат табылды. Telegram каналдың хабарлауынша, дәрігер саясаткердің комада жатқанын растамаған. Оның айтуынша, Навальный жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, оның қазіргі жағдайы тұрақты. Бірқатар диагноздар қойылып, олар нақтылануда.

Қазіргі уақытта оның диагнозын нақты айта алмаймыз, - деді №1 Омбы жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Анатолий Калиниченко.

Дәрігер диагноз туралы түсінік беруден бас тартты, ол науқастың келісімінсіз жағдайы туралы ақпаратты жария етуге заңмен тыйым салынатынын еске салды.

Видеоны мына сілтемеден көре аласыздар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!