Жасөсіпірім жаңа туған қарындасын жетінші қабаттағы терезеден лақтырып жіберген

11:16, 12 шілде 2021

© Сурет: ашық дереккөздерден алынды

Мәскеуде 13 жастағы жасөспірім жаңа туған қарындасын жетінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жасөспірім аутизмге шалдыққан. Қайғылы оқиға орын алған кезде балалардың әжесі шкафтағы киімдерді реттеп жатқан, ал анасы душ қабылдап, ванна бөлмесінде болған, деп жазады moslenta.ru.

Ал жаңа туған шақалақ ас үйде төсекте ұйықтап жатыпты. Жасөспірім су ішу үшін қайта-қайта ас үйге барып жүріпті.

Анасы жуынатын бөлмеден шыққанда нәрестені төсегінен таппай қалған.

Үлкендер қызды іздеп, тек терезеден қарағанда ғана оны көрген. Баланың денесі дәрігерлер мен полиция келгенге дейін пәтерге әкелінген, - делінеді хабарламада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!