Жас жігіт төрт жасар өгей қызын аяусыз соққыға жықты

11:07, 17 сәуір 2018

Красноярск қаласында төрт жасар қызды аяусыз соққыға жықты деген күдікпен 20 жастағы жас жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды sputniknews.kz, Ресейдің Тергеу комитеті берген ақпаратқа сілтеме жасап.

"Тергеу мәліметіне сүйенсек, 2018 жылдың 12-13 сәуірінде күдікті төрт жастағы өгей қызын зарядтау құрылғысының сымы және белдікпен ұрып-соғып, салдарынан сәби көптеген жарақат алған", — делінген хабарламада.

Ақпарат бойынша, баланың анасы бұл деректі көпшілікке жария етпей, қызын үйде емдемек болған. Пәтерге барғанда, сәбиді кездейсоқ көріп қалған әйелдің танысы полицияға хабар беріпті. Қыздың анасы күдіктімен екі айдай бірге тұрған екен.

Қазір ер адам қамауға алынды. Зардап шеккен қыз ауруханада жатыр, оның алты жастағы әпкесі әлеуметтік-бейімдеу орталығына орналастырылды. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!