Жарты сағатқа дүкенге кірген әйел шекесі торсықтай ұл дүниеге әкелді

13:04, 2 қараша 2018

Ресейдің Омбы өңірінде супермаркетке кірген әйелдің аяқ асты толғағы қысып, босанып қалды, деп жазады sputniknews.kz.

28 жастағы әйел кассирге толғағы басталғанын айтып, 11 минут ішінде Иван есімді ұлды дүниеге әкелді. 35 жастағы кассир Елена Барсукова акушердің рөлін атқарып, оған қасындағы әріптесі мен екі тұтынушы көмектескен.

Әйелдің толғағы қысқанын естіген бойда кассир әуелі жедел жәрдем шақырады, бірақ сәби дәрігерлер келгенше туған екен. Кейін жедел жәрдем анасы мен жаңа туған нәрестені алып кетті. Жас босанған ана дүкенде небәрі 25 минут қана болыпты.

Салмағы үш жарым келі ер баланың дені сау, анасы екеуі перзентханадан шыққан. Басылымның жазуынша, бұл әйелдің алтыншы баласы екен.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!