Жапонияда жолаушыларына жерге түсуге тыйым салынған кеме ішінен түсірілген видео жарияланды

10:41, 6 ақпан 2020
929

3 ақпаннан бастап бортында 2666 жолаушысы бар Diamond Princess саяхаттауға арналған кемесі Жапония жағалауында карантинде тұр. Кемедегі жолаушыларға жапон жеріне аяғын тигізуге уақытша тыйым салынған, деп хабарлайды zakon.kz Rambler ресурсына сілтеме жасап.

Олардың арасында Ресей Федерациясының 24 азаматы бар. Барлық жолаушылар кеме бортында екі апта қамаулы болады, өйткені мұндағылардың арасынан коронавирус жұқытрағндар табылған.

Вирус 20 адамнан анықталды. Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігі кеменің Йокогама жағалауына тізгіндеп, ішіндегі жолаушыларды 14 күн бойына сыртқа шығармай, карантинде болуды талап етті. Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, соңғы мәліметтер бойынша, кемеде пневмонияны тудыратын вирус жұқтырған адамдардың жалпы саны - 20 адам.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!