Жапонияда жауған қалың қардың себебінен 70-тен астам әуе рейстері тоқтатылды

11:18, 15 қаңтар 2017

Жапонияның орталық және солтүстік аудандарындағы қалың қар 70-тен астам әуе рейстерінің тоқтатылуына әкеп соқтырды.

NHK телеарнасының мәліметіне сүйенсек, Japan Airlines (JAL) және All Nippon Airways (ANA) ірі жапондық әуе компаниялары 56 рейсті, ал лоукостер-компаниялар 17 рейсті тоқтатты.

Пойыз қозғалыстарында да кешігулер байқалуда. Әсіресе «Синкансен» жүрдек пойыздарының кейбір бағыттарындағы кешігулер бір сағатқа дейін жетті.   

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!