Жапонияда нөсер жауын құрбандарының саны 216-ға жетті

11:46, 16 шілде 2018
418

Жапонияда толассыз жауын мен су тасқынынан құрбан болғандар саны 216-ға жетті, деп хабарлайды Baq.kz.

Соңғы деректер бойынша, бұдан бөлек көптеген адам із-түссіз жоғалған және хабар-ошарсыз кеткен. Жергілікті төтенше жағдай қызметі полиция қызметкерлері және әскери күштің көмегімен іздестіру, құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мыңдаған ерікті Жапонияның батыс бөлігіне барып, табиғи апаттан зардап шеккендерге көмектесуде.

Табиға апат салдарынан 160 үй түбегейлі қирап, 700 үйге айтарлықтай зақым келсе, 25 мың үйді су басқан. 6 мыңға жуық адам эвакуациялық орталықта үйлеріне қайта алмай отыр.

Жапонияда толассыз жауын өткен аптаның ортасынан бастап жауа бастады. Елдің кейбір аймағында жауған жаңбыр мөлшері 1 метрге жетті. Ол жақта жауын мұндай мөлшерде соңғы рет 1953 жылы жауған екен. Ол кезде Кюсу аралында 759 адам қаза тауып, 450 адам баспанасынан айырылған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!