Жапонияда қуатты жер сілкінісі болды, қаза болғандар бар

10:01, 18 маусым 2018
358

Жапониядағы Осака префектурасы маңында қуатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Соңғы келіп түскен ақпарат бойынша жапон жеріндегі жер сілкінісінен адам шығыны болды. Kyodo агенттігі хабарлауынша, табиғи апат кесірінен мұнда 9 жасар қыз бала мен ер адам қаза тапты. Тағы 10-ға жуық адам жараланды.

Еске сала кетсек, бүгін таңда елдің Осака префектурасында қуатты жер сілкінісі болды. Табиғи апат күші 6,1 балға дейін жеткен. Бұл Осакада сезілген екінші жер сілкінісі. Себебі бастапқысының күші 5,7 балл болды. Сейсмологиялық оқиға салдарынан елдің батысында теміржол қозғалысы тоқтады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!