Жапонияда карантинде тұрған кемеде болған екі адам көз жұмды

11:36, 20 ақпан 2020

Жапонияда карантинде тұрған Diamond Princess круиздік кемесінде екі апта бұрын коронавирус жұқтырғаны анықталған екі жолаушы көз жұмды. Марқұм егде жастағы ерлі-зайыптылар Жапония азаматтары болып шықты. Оларға 11-12 ақпан аралығында коронавирус диагнозы қойылды, деп хабарлайды zakon.kz NHK-ге сілтеме жасап.

Ерлі-зайыптылар диагноз қойылған күні кемеден шығарылып, ауруханаға жеткізілген. Олар басқа да дерттен зардап шеккен.

19 ақпанда кемеден 540 сау жолаушы жағаға босап шықты. Оның ішінде екі ресейлік те бар. Жалпы алғанда, кемеде 3 700 адам болған, оның 621-і жаңа індетті жұқтырған.

Бұрындары Йокогама портына келіп тоқтаған кемеде Қазақстанның жанында екі немересі бар екі әйел болғандығы хабарланған. Олар өздерін жақсы сезінеді. Егер сынама оң нәтиже берсе, олар жақын арада Қазақстанға оралуы мүмкін.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!